Зейнеп Аxметова жас кезінде анасына шағым айта барыпты. Сол кезде анасы: "Шыққан қыз шиден тысқары, сенің түпкілікті тұрағың, түтінін түтетіп, тілеуін тілейтін үйің - күйеуіңнің үйі. Бір еркектің ыстық-суығына төзе алмасаң, кедір-бұдыр мінезін кешіруге кеңдігің жетпесе, жоғын бар етіп, ашылғанын жаба алмасаң, әйелдік ақ жаулықтан садаға кет, -депті. Қазақы тәрбиенің тереңіне көз салатын болсақ, қазақ әйелі ерін қай заманда болмасын, өзінен бір саты жоғары қойған. "Әйелдердің жақсысы - көзің түскенде қуандырып, бұйырғаныңа мойынсынғаны. Үйіңде болмағаныңда ар-намысың мен малыңды сақтағаны." Қазақ тариxының өткеніне, бүгініне немесе болашағына зер салатын болсақ та, әйелдің бақыты - отбасы. Бұл- қалыптасқан қағида. Дегенмен де, тым төмендеп, өз дәрежеңді жоғалтып алу да - басты қателік. Азаматыңыздың пікірімен санаса отырып, өз пікіріңді өтініш ретінде жеткізе білу керек. Ер адамдар тым ақылды болғанды қаламайды. Сондықтан ер- азаматтарыңыздың алдында пәлсапа соғудың қажеті шамалы. Осы орайда да, Зейнеп Аxметоваға атасының айтқан сөзін пайдамызға жаратуға болады. "Күйеуіңе жақсы жар боламын десең жұғымды, жағымды боламын десең, тым ащы да, тым тәтті де болма! Өте ащы болсаң - түкіріп тастайды, асыра тәтті болсаң - жұтып қояды. Дәмді болу керек." Қолыңнан келгенше сұлу бол, қалағаныңша дана бол. Алайда ақылды да саналы болуға міндеттісің. Шын мәнінде, әйелдер қауымы, соның ішінде қазақ әйелдері саналы болуға міндетті. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі, қан тазалығы, тектілік - әйелдің құдіреттілігінің көрінісі.